Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
04.03.2024
«Мейірімді әңгімелер» әлеуметтік терапиясы
2024 жылғы 29 ақпанда «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс ерікті студенттері Манап Аружан, Нағметова Алтынай, Сайнов Алмат, Сәрсенғалиқызы Асылай, Әбжәли Шоқан, Ибадуллаев Бақдәулет, Қалдыбек Аяулым Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдарына арналған «Мейірімді әңгімелер» әлеуметтік терапиясын өткізді.
Еріктілердің әлеуметтік-педагогикалық жұмысы мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік ортаға қосу, оның әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ерікті студенттер физикалық белсенділіктен кейін эмоционалды қозу күйін жеңуге бағытталған: «Жарыққа шоғырлану»; «Мені қайтала» белсенді ерікті зейінді дамыту ойыны, әңгімелесу және жаттығулар кешені бойынша әлеуметтік терапия әдістерін қолданды.
Іс-шара барысында шығармашылық қабілеттерін көрсету және басқа адамдармен әлеуметтену үшін ішкі бірлік сезімін оятуға мүмкіндік беретін жалпы эмоционалды атмосфера үлкен маңызға ие болды. Іс-шараның рефлексивті бөлігі қатысушылардың назарын ішкі тыныштыққа, өзімен және қоршаған әлеммен шынайы үйлесімділікке аударуға ықпал етті.
«Мейірім» еріктілер клубы
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|