қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2023

Дүниежүзілік еріктілер күніне орай марапаттау

 

2023 жылдың 6 желтоқсанында Дүниежүзілік еріктілер күніне орай Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің қолдауымен және қауымдастырылған профессор, «Мейірім» еріктілер клубының басшысы Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының қоғамға риясыз қызмет ету үлгісінде белсенділік танытқан Педагогика және психология институты «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс ерікті-студенттерін университет ректоры Болат Тілептің арнайы алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.

 

Алғыс хаттарды табыстау студенттерді университеттің алдында тұрған елдің тұрақты даму жолындағы міндеттерді іске асыру үшін белсенді атсалысуға шақыруымен жүзеге асырылды. Айта кету керек, 2022-2023 оқу жылында ерікті-студенттер әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті спорттық төсеніштер мен тренажерлерді сатып алуға қаражат жинау үшін ауқымды қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Акция аясында жиналған қаражатқа (40 дана) «Татами» төсеніштері мен («Шагун» жаяу жүру имитаторлық тренажері) сатып алынып, «ЕРЗИ» мүгедектерді әлеуметтік-оңалту орталығына салтанатты түрде табысталды.

 

Іс-шараның соңында марапатталған қатысушылар волонтерлік қызмет өзін-өзі тануға және кәсіби өсуге ықпал етеді, студенттерді жастар арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауда біріктіреді деген пікір білдірді.

 

«Мейірім» еріктілер клубы бізбен бірге еріктілер қатарында болғаныңыз үшін зор алғысын білдіреді. Сіздерге денсаулық пен рухани күш тілейміз. Сіздің риясыз іс-әрекетіңіз қазіргі қоғам үшін бағдарлы қызмет болсын.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 




Кері оралу