Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
05.12.2023
Өндірістік (педагогикалық) практиканың қорытынды есебі
2023 жылдың 5 желтоқсанында №168 Қ.Қатықбаева атындағы мектеп-гимназияда «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттерінің өндірістік (педагогикалық) практикасының қорытынды есебі тыңдалды. Практика жетекшілері - Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Асем Булшекбаева мен Улмекен Толешова.
4 курс студенттері 12 апта ішінде мектеп-гимназияда әлеуметтік педагог ретінде белсенді педагогикалық практикадан өтті. Өндірістік педагогика әлеуметтік-педагогикалық қызмет үдерісінде кәсіби дағдылар мен біліктерді жетілдіруге ықпал етті, сонымен қатар практиканттар апта сайын сынып сағаттарын жүргізіп отырды.
Өндірістік практиканың құрылымы студенттерді жеке-белсенділік ресурстарын қалыптастыру мәселесін, студент-практиканттардың кәсіби ұстанымын шешу мақсатында кәсіби өсуге үйлесімді дамуға бағыттады.
Өндірістік практиканың міндеті: Мектеп-гимназия жағдайында өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзыреттерді алу мақсатында әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларын игеру.
Өндірістік практиканың мақсаты: оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау, жобалау және талдау; оқушылардың оқу-танымдық, еңбек, қоғамдық, табиғатты қорғау, сауықтыру, ойын және басқа да іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың түрлі әдістерін қолдана білу; оқу және тәрбие жұмысы үдерісінде оқушылардың жеке басын зерделеудің үйлесімді даму ерекшелігін ескеретін жеке тәсілді қолдануды жүзеге асыру; тұтас педагогикалық үдерістің жай-күйіне әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізу; студенттердің теориялық және практикалық білімді игеру сапасын тексеру; кәсіби даярлықты қалыптастыру және дамыту; мектептегі әлеуметтік-педагогикалық үдеріс барысында жүзеге асырылатын жалпы педагогикалық және әдістемелік білімді, іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру; педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру және дамыту. Өндірістік практиканың мақсат-міндеттерін 4-курс студенттері толығымен орындап шықты.
Қорытынды конференцияда студенттердің есебі талданып және олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірлерін білдіріп, оң баға берді. Тапсырылған құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Есепте белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен қиындықтары, мектептегі педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу нәтижесі, бағалау тиімді болуы үшін жасалған қадамдар, одан арғы даму бағыттары көрсетілді. Студенттер теориялық білімді практикамен ұтымды ұштастыра алған, білім, білік, дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|