Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
04.12.2023
Доцент Г.З.Таубаеваның ашық семинар сабағы
2023 жылдың 1 желтоқсанында «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасына сәйкес 3 курс студенттерімен «Балалар әдебиеті» оқу пәні бойынша Психология және педагогика институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының доценті Таубаева Галия ашық семинар сабағын өткізді.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және кафедра профессор-оқытушылары Манкеш Ақсауле, Алмагуль Айтпаева және Назира Атемкулова, сонымен қатар, Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының меңгерушісі Айнагул Бекимбетова және Гулбану Жумабаева қатысты.
Семинар барысында студенттер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазіргі заман балалар әдебиеті жазушыларының шығармаларын талқылап, бала тәрбиесіндегі танымдық, білімдік және рухани құндылықтарына тоқталды. Тақырыпты талдау барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына ерекше мән берді. Студенттер дәрісте берілген материалдарды өзіндік ізденістерінің арқасында толық игергенін, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелік-білімдік үдерісінде пайдалана алатынын көрсетті. Сабақ соңында wordwall программасы арқылы студенттерден кері байланыс болып, семинар тақырыбын терең меңгергендерін байқатты. Сабаққа студенттер белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып талқылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|