қазақша · русский · english
 
 
 
01.12.2023

«Бұқаралық ақпарат құралдары біздің өмірде» ашық сабақ

 

2023 жылдың 29 қарашасында педагогикалық практика аясында Алматы қаласы Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында «Мейірім» клубының жарнамалық-насихаттаушылық бағыты бойынша Педагогика және психология институты «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенті Изимгалиева Аружан қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен 4 «Ә» сынып оқушыларымен «Бұқаралық ақпарат құралдары біздің өмірде» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Сабақтың негізгі мақсаты - оқушылардың медиа мәдениетін (ақпаратты түсіну, жинау, сақтау, өңдеу қабілеті) қалыптастыруға ықпал ету. Жаңа материалды теориялық меңгеруде «Біз өзімізді БАҚ-тың теріс әсерінен қалай қорғай аламыз?» сұрақтың өзектілігі қазіргі ақпараттық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы эвристикалық әңгіме мен бейнеролик көрсету дәрісі түрінде ашылды. Сабақтың танымдық іс-әрекеті шығармашылық микро топта: «Жағымды көңіл күйге келу» (жарыққа шоғырлану); «Сынған телефон», «Пошта» жаттығулары; ақпарат көздерімен өзіндік жұмыс»; «Кім жылдам?»; «Витаминдер» белсенді ойындары; топтық ән айту практикалық формасында ұйымдастырылды. Кері байланыс алу үшін кестені толтыру арқылы БАҚ-тың адамға оң және теріс әсерін талдау жүргізілді. Меңгерілген материалды бекіту кезінде оқушылар қағазға «Мен жиі қолданатын БАҚ» тақырыбында эссе жазды.

 

Соңғы аяқталу кезеңінде «Рефлексивті шеңбер» жаттығуы өткізілді, онда оқушылар алған білімдерін, естігендерінен алған эмоцияларын дербес бағалады, сондай-ақ БАҚ туралы алынған ақпаратқа қортынды талдау жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу