Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
30.11.2023
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметі
2023 жылдың 30 қарашасында Абай университеті Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD) Асем Булшекбаева және «Жалпы және қолданбалы» психология кафедрасының аға оқытушысы Нұрғайша Кудушева Абай облысының Білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК Инновациялық даму зертханасы ұйымдастырған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау және педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - ата-аналарды педагогикалық қолдау түрлері мен білім мекемелеріндегі педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметін талдау.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық білім мекемелерінің басшылары, әдіскерлер, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтер, мектеп мұғалімдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қазіргі жағдайдағы әлеуметтік педагогтар мен психологтардың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің ерекшеліктері, әлеуметтік педагогтың мектептегі кәсіби қызметі, жетістікке жету: қажырлық пен табандылықтың рөлі, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметі, дарынды және жоғары ынталы білім алушыларды сүйемелдеу мәселелері ортаға салынып, жан-жақты талданды.
Университет ғалымдары «Әлеуметтік педагог - жайлы білім беру ортасының инноваторы», «XXI - ғасырдағы ата- ана және бала: психологиялық қолдау» тақырыптары бойынша талдау жасап, облыстық педагог-психолог, әлеуметтік педагогтерінің сауалдарына жауап берді.
Абай облысының Білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Светлана Оспанова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдарына алғыс хаттар табыстап, болашақта ынтымақтастықта жұмысты жалғастыруды ұсынды.
Облыстық дөңгелек үстел барлық қатысушыларға талқыланған мәселеге қатысуға мүмкіндік берді, бұл педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің практикалық және кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|