Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2023
«Шын жүректен» қайырымдылық бенефисі
2023 жылдың 22 қарашасында «Мейірім» клубының аниматорлық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында «Бүгін менің туған күнім!» анимациялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шын жүректен!» қайырымдылық бенефисі өтті. Анимациялық бағдарламаның конкурстық-ойын формаларын «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «6BO1902 - Арнайы педагогика» мамандықтарының 1-3 курс ерікті студенттері Ахметбек Айбопе, Спархан Ақбаян, Махамбетова Ұлбосын, Бальуразова Динара, Қияқбай Үміт, Амзеева Әселхан, Эргешева Алсу, Қошанай Мерей, Берікқызы Жадыра ұйымдастырды.
Іс-шара «Бүгін менің туған күнім!» мерекелік бағдарлама форматында өтті. Ұйымдастырылған аймақ-алаңда дәстүр бойынша туған күн иесіне мерекелік тортпен тілектер айтылды. Анимациялық бағдарламаға театр қойылымдарын қолданатын музыкалық байқаулар, викториналарға қатысу, суреттер бойынша жұмбақтар мен ребустарды шешу жұмыс түрлері кірді. Ойын алаңында балалар өздерінің тапқырлығын, ептілігін, шапшаңдығын, командада жұмыс істеу қабілетін көрсетті, ал еріктілер балаларды биге тарта отырып, оларға тәтті сыйлықтар беріп, шарлар табыс етті.
Іс-шара бірлескен флэш-мобпен аяқталды, онда еріктілер ерекше назар аударуды қажет ететіндер балалар үшін бұл іс-шараны ұйымдастырудың өте маңызды екендігіне тағы да көз жеткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|