қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2023

Қызылорда педагогикалық жоғары колледжімен ынтымақтастық шеңберіндегі халықаралық семинар-тренинг

 

2023 жылдың 18 қарашасында Қызылорда педагогикалық жоғары колледжімен ынтымақтастық аясында халықаралық семинар-тренинг өтті. Мақсаты - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының денсаулығын сақтау үшін мультимодальды стрессті басқарудың маңызын ашу. Ұйымдастырушылар - Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы.


Іс-шарада « Стресс және оның педагогикалық қызметкерлердің психикалық және физикалық денсаулығына әсері», «Мультимодальды стрессті басқару және оны педагогикалық қызметкерлер үшін қолдану» тақырыптарында Германия елінің қауымдастырылған профессоры, психотерапевт Алена Гарбер, Лейпциг университетінің профессоры, психотерапевт Конрад Решке дәріс пен тренинг жүргізіп, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Қыякбаева Ұлбосын «Білім беру процесінің субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасау», кафедраның қауымдастырылған профессоры м.а., жоғары санаттағы педагог-психолог Ахметова Айгүл «Әлеуметтік педагогтарды дайындау бойынша білім беру бағдарламасына неміс стрессменеджмент бағдарламасын енгізу» тақырыптарында баяндама жасады.

 

Халықаралық семинар-тренингтің соңында қатысушыларға неміс үлгісіндегі сертификаттар мен семинар-тренингке белсенді қатысқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ПжПИ-ның сертификаты табысталды. Іс-шара нәтижесінде «АР19679368 білім берудегі цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» тақырыбындағы жоба аясында студенттердің стресске төзімділігі психологиялық денсаулық критерийлерінің бірі ретінде қарастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу