қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2023

«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дағдыларын дамуындағы нейро-ойындар» тренингі

 

2023 жылдың 15 қарашаcында Абай университетінің Педагогика және психология институты «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс докторанты Шажабаева Жанар Алматы қаласы Білім басқармасының №153 бөбекжай-балабақшасының мектепалды топ балаларымен «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дағдыларын дамуындағы нейро-ойындар» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

 

Іс-шара мақсаты профессор У.К.Қияқбаева, доценттер А.А.Әлімбекова және А.И.Булшекбаева, сонымен қатар докторанттың авторлығымен жазылған «Мектепке дейінгі нейропедагогика әдістемелері» бағдарламасын тәжірибеде тиімділігін анықтау. Тренинг барысында тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, дағдыларын дамыту, зейінін шоғырландыру үшін мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартуға ықпал ететін нейрогимнастикалардың әдіс-тәсілдері көрсетілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу