қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2023

Болашақ әлеуметтік педагогтерге арналған ашық сабақ


2023 жылдың 4 қарашасында «6В01801 - Әлеуметтік педагогика» мамандығы бітіруші курс студенттерімен «Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіндегі стрессменеджмент» оқу пәні бойынша Психология және педагогика институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессордың м.а. Ахметова Айгүл «Стрессті басқару: өз «Меніне» жету жолында» тақырыбында тренинг сабағын өткізді.

 

Тренингке кафедра меңгерушісі қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева және кафедра оқытушылары профессор Манкеш Ақсауле , PhD докторлары Алимбекова Анар , Тұрысбек Ғалия белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, AP19679368 «Білім беруді цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» тақырыбындағы жобаның нәтижелерінде «күйзеліске төзімділік психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдерінің бірі» деп, айқындалған тұжырым өзекті болды. Трениг барысында күйзелістің симптомдары анықталып, стресттік жағдайдан шығудың жолдары қарастырылды.

 

  alt=  

 

 




Кері оралу