қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2023

Мектепке дейінгі білім беру саласының мамандарына арналған панельдік дикуссия өтті

 

2023 жылдың 31 қазанында Абай университеті Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығының 3-курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Заттық дамытушы орта - жеке тұлға қалыптасрыудың кепілі» атты тақырыпта панельдік дискуссия өтті. Әс-шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақжолова А.Т., «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Қыяқбаева Ұ.Қ., ҚазҰҚПУ «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының меңгерушісі Жұбандықова А.М. және кафедра ПОҚ, докторант, магистрант, студенттер, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, әдіскерлері және жас мамандары қатысты.


Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық тәсілдерді қолдану аясында тәжірибе алмасу мақсатында балабақша меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері шақыртылып, МДҰ заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

 

«Еркем-ай Алматы» балабақшасының әдіскері Ошақпаева Сағыныш заттық дамытушы ортаның құрылымдық ерекшеліктері жөнінде сөз айтып, болашақ педагогтарға заттық дамытушы ортаны құрудың принциптері, талаптары, әдістері туралы толық мағлұмат берді. Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту ауылының "Асека Plus" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Тагаева Айнұр және тәрбиеші Кокенова Әсемгүл балаларды әлеуметтендірудегі заттық дамытушы ортаның рөлі туралы баяндама жасап, «Заттық дамытушы ортаны құру және оны қызығушылық аймақтарға бөлу» тақырыбында таныстырылым жасады.

 

Студенттердің кәсіби әлеуетін жетілдіру мақсатында панельдік дискуссия зияткерлік сайыспен жалғасын тапты. Абай атындағы ҚазҰПУ 4 курс студенттері және ҚазҰҚПУ 3 курс студенттері өз білімдерімен бөлісті. Іс-шараның негізгі кезеңдері: заттық дамытушы орта құру, авторлық ойындар әзірлеу және болашақ заттық-дамытушы ортаның заманауи моделін құру. Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша І дәрежелі орынды Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері иеленсе, ІІ дәрежелі орынды ҚазҰҚПУ студенттері иеленді. Панельдік дискуссия ашық идеялар мен жаңа ұсыныстардың инновациялық алаңына айналды.

 

  alt=     alt=  

 

  alt=  




Кері оралу