Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
31.10.2023
Ферғана мемлекеттік университетімен байланыс нығайып келеді
2023 жылдың 22 - 29 қазанында Абай университеті Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтк педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қияқбаева және қауымдастырылған профессор А.А. Алимбекова Ферғана мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) дәріс және практикалық сабақтар өткізді.
Шетелдік жоғары оқу орындарындағы жұмыстың мақсаты: Болон декларациясының ережелеріне сәйкес профессор-оқытушы құрамының тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету; студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ынталандыру; бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу; білімалушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда бағдарламалардың салыстырмалы сатыларын енгізу; Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін құру.
Дәріс және практикалық сабақтар барысында ұстаздарымыз жоспарланған тақырыптарға байланысты теориялық және әдістемелік мәселелер бойынша ақпарат берді. Игерілетін пән мен тақырып шеңберінде теориялық дайындықты тереңдетуге, терминологияны, ережелерді мұқият түсінуге ықпал етуге тапсырмалар берілді. Аналитикалық дағдыларды жетілдіруге, сыни ойлауды дамытуға, интеллектуалды, моральдық, рухани дамуға, шешендік өнердің шыңдалуына ықпал ету жұмыстары жүзеге асырылды.
Нәтижесінде өзара пікір алмасу барысында оң пікірлер айтылып, өзбек ЖОО студенттері болашақта академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде оқуын жалғастыруға ниет білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|