қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2023

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу


2023 жылдың 27 қазанында Abai University Педагогика және психология институты өкілдері Ферғана мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің өзекті мәселелері: шешімдері және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға офлайн қатысты.

Іс-шарада мектепке дейінгі білім және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі У.қ. Қияқбаева және қауымдастырылған профессор А. А. Алимбекова, бастауыш білім беру кафедрасының доценттері А. Б. Акпаева және Л. А. Лебедева сөз сөйледі.


Біздің ғалымдардың баяндамаларының тақырыптары: «Цифрлық ортада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, әлемдік тәжірибе, инновациялар» (Ұ.Қ. Қыяқбаева), «Балалар арасындағы буллинг факторлары мен прафилактикасы» (А.А. Алимбекова), «Университеттің кіші курстарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дуальды оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» (А.Б. Акпаева), «Қазақстан Республикасындағы TopIQ платформасында бастауыш сыныптар үшін математиканың электрондық оқулығын әзірлеу ерекшеліктері мен пайдалану перспективалары туралы» (Л.А. Лебедева).

 

Ферғана мемлекеттік университет басшылары, профессор-оқытушы құрамы, Низами университетінің профессорлары және Түркия елінің профессорлары мектепке дейінгі және бастауыш мектепке байланысты өзекті тақырыптарға тоқталып, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу