қазақша · русский · english
 
 
 
01.09.2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттырудағы жаңа бағыттар

 

2023 жылдың 24-25 тамызы аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі бастау алды. Биыл республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта жүргізілді. 20 аймақтың барлығы тақырыптық бағыттарға бөлінді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің панельдік сессиясы сыр өңірі Қызылорда қаласында «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында өтті. Екі күнге жалғасқан секциондық жұмыстардың алғашқы күні педагогтер мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 6 секцияға бөлінген педагогтер мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде зерттеу нәтижелеріне негізделген, тәжірибеге ендірілген және ұсынылған инновацияларды жан-жақты талдап, талқылады. Секциялық жұмыстарда қарастырылған тақырыптар:

- мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби және тұлғалық дамуы;

- заттық дамытушы білім беру ортасы-тұлғаны қалыптастыру кепілі;

- білім алуға тең мүмкіндіктер;

- жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар сапасы мен менеждменті;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттары;

- балаларды тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының ынтымақтастығы.

 

Тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне арналған панельдк сессияда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.,профессор Ұ.Қ.Қыяқбаева «ЖОО бағдарламаларында инклюзивті білім беру әдістемесінің қамтылуы» тақырыбында баяндама оқып, ЕББҚ бар студенттерге инклюзивті білім берудің мақсат, міндеттеріне, бағыттарына тоқталды. «Мeктепкe дeйiнгi oқыту мeн тәрбиeлeу пeдaгoгикaсы» мaмaндығының 3-курс дoктoрaнты Ауезова Айжан «Заттық дамытушы ортада балалар іс-әрекетін бақылау сапасын арттыру МДҰ сапасын жақсартудың кепілі» атты тақырыпта баяндама жасап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасы - заттық дамытушы ортаның дұрыс ұйымдастырылуымен тілкелей байланысты екенін, халықаралық тәжірибеде Германия, Япония, Ұлыбритания, Франция, Италия балабақшаларында заттық дамытушы орталардың жабдықталуын мысалға келтіріп, ерекшеліктері мен бағыттарын және ондағы педагогтің рөлі жөнінде таныстырылым жасадым.

 

Форумның екінші күні пленарлық отырыс Н.Бекежанов атындағы драма театрында өткізілді. Пленарлық отырыс барысында білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен жаңашыл педагогтер өз баяндамаларында жаңа оқу жылындағы жаңа міндеттерге тоқталып, білім саласы ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау рәсімі жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу