қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2023

Өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды есебі

 

2023 жылдың 2 мамырында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «6B01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша 4-ші курс студенттерінің өндірістік-педагогикалық практика қорытынды есебі тыңдалды. 4-ші курс студенттері 2023 жылғы 6 наурыздан 29 сәуірге дейін өндірістік-педагогикалық практикадан өтті.

 

Қорытынды конференцияда студенттердің баяндамасы сараланып, олардың жұмыстарын әдіскерлер бағалады. Тапсырылған құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Студенттер теориялық білімдерін практикамен ұтымды ұштастыра білді, білімдері мен дағдыларының жоғары деңгейін көрсете білді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу