Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
20.03.2023
«Қашықтықтан білім беру: сын қатерлер, заманауи трендтер және стратегиялар» халықаралық конгресі
2023 жылдың 15-17 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ҚПҒА академигі Бузаубакова Клара Жайдарбекқызының 60 жылдық мерейтойына арналған «Қашықтықтан білім беру: сын қатерлер, заманауи трендтер және стратегиялар» халықаралық конгресс және «Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме» халықаралық педагогикалық оқулары өткізілді.
Конгреске Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан ғалымдары қатысты. Осы іс-шара аясында отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтардың шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтер ұйымдастырылды. Конгрестің пленарлық мәжілісінде университетіміздің Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс докторанты А. Ауезова «Мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлы технологияларды қолданудың заманауи тәсілдері» баяндамасын жасап сертификатпен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар «Цифрлы қоғам: цифрлы оқыту технологиялары және мұғалім тұлғасы» атты педагогикалық алаңда «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранты Д.С. Амержанова «Lego құрастыру және оның баланың дамуындағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, өзінің «Lego құрастыру» инновациялық өнімін ұсынып сертификатпен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Педагогикалық оқу аясында креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін және шығармашылық әлеуетін жетілдіру мақсатында «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы ұйымдастырлды. Байқауға университетіміздің Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушысы, доцент Г.З.Таубаева өзінің «Қазақ балалар әдебиеті» оқулығын ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар қауымдастырылған профессор Қ.Ұ. Қыяқбаева кафедраның атынан «Инновациялық өнім» көрмеге қатысты. «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылардың ғылыми еңбектерімен таныстырып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|