Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
20.02.2023
«Жан үйлесімі» әлеуметтік музыка терапиясы
2023 жылдың 17 ақпанында «Мейірім» клубының мәдени-ағартушылық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г.К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс ерікті студенттері Ұ.Маханбетова, Д.Елемесова, А.Спархан, А.Серікбай, Сайнов А, А.Ахметбек, А.Бақтыбай, Ф.Шаттык Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шағын тобында «Жан үйлесімі» атты әлеуметтік музыкатерапия өткізді.
Іс-шара аясында еріктілердің қызметі емдік дене шынықтыру мамандарының командасында жүзеге асырылды. Мүгедек жандардың өз күштеріне деген сенімділігін арттыруына әсер етудің: «Допты орталыққа» спорттық жаттығуы арқылы, терапевтік тыныштандыратын әуез, табиғат дыбыстарын тыңдау арқылы, «Әуенді тап» музыкалық ойындар, ән айту, сондай-ақ әдеби шығармашылық (музыкалық сүйемелдеуде өлеңдер оқу), әлеуметтік-педагогикалық құралдары пайдаланылды. Өткізілген музыкалық терапия мүгедектерді оңалтудың күрделі жұмыстарынан кейін демалуына ықпал етті, ал еріктілерге әлеуметтік-педагогикалық қызметте біліктілігін арттыра отырып, мекеме мамандарының практикалық тәжірибесін алуға мүмкіндік берді.
«Мейірім» еріктілер клубы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|