қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2022

Өзбекстаннан келген әріптестер мектепке дейінгі білім беру сабақтарына қатысты

 

2022 жылғы 5 желтоқсанда Қоқан педагогикалық институтынан (Өзбекстан) академиялық ұтқырлық мақсатпен келген қонақтар «7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 1 курс магистранттармен болған «Мектепке дейінгі білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері» оқу пәні бойынша сабақтарына қатысты (пән жетекшісі п.ғ.к., Таубаева Г.З.).


Сабақ барысында шетелдік қонақтар магистранттардың білімі мен біліктеріне, оқу тапсырмаларының орындау деңгейіне, мектепке дейінгі білім берудегі проблемалық мәселелер төңірегінде ой қозғаулары мен оны шешу жолдарын, сыни тұрғыдан ойлау мақсатында оқыту технологияларын саралау, талдауды жоғары деңгейде жүргізілгендерін көріп, өз пікірлерін ортаға салды. Қазақстан мен Өзбекстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының кейбір ұқсастықтар мен айырмашылықтарына да талдау жасалынды. Келген қонақтар магистранттардың алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу