қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2022

Мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлеріне арналған семинар


2022 жылғы 6 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессорлары А.Е.Манкеш, Г.З.Таубаева мен «8D01201- Мектекпке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 1 курс докторанттары Б.Әбубәкірұлы, А.Аманжолованың ұйымдастыруымен Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты №144 балабақшада «Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа мазмұн аясында тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында ауданның 47 тәжірибелі әдіскері қатысқан ғылыми-әдістемелік семинар өтті.


Семинарда бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің басшылығымен жарияланған мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту үдерісінде басшылыққа алатын мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттардың ерекшеліктері кеңінен талданды. Ғылыми-әдістемелік семинарда әдіскерлер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. ЖОО-мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы мұндай семинарлар болашақта ізденімпаз, белсенді әрекетке түсе алатын, ұлттық құндылықтармен сусындап өсетін балалардың қалыптасуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз етуде өзінің нәтижесін береді деген сенімдеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу