қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2022

«Мектепке дейінгі мекемелерде пәндік-кеңістіктік, дамушы ортаны жобалаудағы заманауи тәсілдер» семинары


2022 жылдың 19 қазанында № 96 балабақшаның Педагогикалық шеберханасында тәрбиешілер мен оқытушылар және «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттерімен мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ашық және сындарлы диалог өткізілді.


Семинардың негізгі мақсаты - жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты (03.08.2022) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік бағдарламасын (14.10.2022) енгізу мәселелерін талқылау.


Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелердің пәндік-дамытушы ортасын ұйымдастыру мәселесі ерекше өзекті болып табылады. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының енгізілуіне байланысты. Жаңа ережелерге сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы ұйымдастырылған іс-шаралар интеграциялық принципті ескере отырып және тәрбиеленушілердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы керек. Өздеріңіз білетіндей, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың негізгі түрі және олар үшін жетекші іс-әрекет ойын болып табылады. Сондықтан педагог-практиктердің мектепке дейінгі білім беруде пәндік дамытатын ортасын жаңартуға қызығушылықтары арта түсуде. 4 курс студенттері мектепке дейінгі мекемелерде пәндік-кеңістіктік, дамушы ортаны жобалау үшін қызықты және креативті идеялары бар презентациялар дайындап, ұсынды.


Диалог барысында мектепке дейінгі мекеме педагогтары Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудің жаңа формалары мен әдістерімен бөлісті.


Семинарға балабақша меңгерушісі Карасева Н.В., әдіскер Тойбазар А.М, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Абитова Г.Т. және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Айтпаева А.Қ. қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу