№1 Алматы облыстық балалар үйінде «Математика жүрек тілімен» акциясы өтті
2022 жылғы 18 сәуірде «Мейірім» клубының ғылыми-зерттеушілік бағыты бойынша Педагогика және психология институты мектепке дейінгі, білім беру әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс ерікті-студенттері: Унгарова А., Ғабибуллақызы Г., Жаннатқызы А., Серікбай А., Бальуразова Д., Елемесова Д., Бақтыбай А., Амангелді М., Ермекбаева Ұ., Сарсенова А. №1 Алматы облыстық балалар үйінің мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп балаларына «Математика жүрек тілімен» репетиторлық қайырымдылық акциясын өткізді.
Ұлы математик Эдуард Френкель «Математика - бұл белгісіз әлемге портал, ғаламның және өзімізді терең құпияларын тану кілті», - деп математиканың жұмбақ әлемін көруге шақырады.
Осының негізде еріктілер «Алдымен сүю, сосын математиканы оқыту», - деген ұранмен, жүрек сабағын өткізді. Еріктілер бағдарламасының мазмұны: «Сүйіспеншілік шеңбері»; «Нұрға бөлену»; «Мозайка құрастыру» арқылы топқа бірігу; «Сенің есімін» жаттығуы; «Бәріміз бірге!» тренинг; «Жүзден жүйрік сайысы»; Кім жылдам? математикадан (+-) сұрақтарын қою топаралық сайысы; «Ормандағы ағаштар» ойыны; «Мені жақсы көретін математика» тақырыбында сурет салу; Топпен ән тыңдау құндылықты бағдарлы дидактикалық тәсілдерін қамтыды. Сабақ соңында балалармен «Нұрға бөлену» эмоционалды және жағымды көңіл күй рефлексиясын өткізудің, қорытынды тыныштық сәті орнатылды. Барлық балаларға тәттілер мен жүректер таратылды.






«Мейірім» еріктілер клубы