қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

Мейірімділік апталығы: Алматы облыстық №1 балалар үйінде «Таза үй» акциясы

 

2022 жылдың 29 сәуірінде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі, білім беру әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-3 курс ерікті-студенттері «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және экологиялық бағыттары бойынша №1 Алматы облыстық балалар үйінде Мейірімділік апталығы: «Таза үй» қайырымдылық акциясын өткізді. Атап өткен жөн, рамазан айының мейірімділік апталығын өткізу идеясы 23 сәуірден бастау алып, ерікті-студенттер мен мекеменің барлық әлеуметтік қызмет көрсету ұжымын біріктірген, тазалық апталығын ұйымдастыру, тұрмыстық көмек көрсету қайырымдылық акциясына ұласты. Мейірімділік апталығы: «Таза үй» акциясын іске асыру аясында, көптеген процедуралардан тұратын жалпы тазалау: бөлмелерді дымқыл тазарту; кітап сөрелерін шаңнан тазарту, терезе, айна және шыны беттерді, жұмсақ жиһаз бен корпустық бұйымдарды тазалау, балалар үйінің сыртқы аумағын тазалау және т.б. шаруашылық жұмыстарды орындауды қамтыды.

 

Нәтижесінде ерікті-студенттер күнделікті өмірде тұрмыста пайдалы болатын үйдегі сапалы, жедел тазалық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды игерді. Себебі, әруақытта еріктілерге риясыз өз еңбегінің нәтижесін көру ой, сөз, іс бірлігінде өмір сүру ұстанымын бекітуге ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу