қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2022

«Инновациялық іс-әрекет: идеядан нәтижеге және білім берудегі инновациялық өнімдерге» конкурсының қорытындысы шығарылды

 

2022 жылдың 4-14 сәуірі аралығында Абай университетінде Ғылым онкүндігі өткізілуде. Осы орайда, Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кәсіптік даярлау бөлімі 14 сәуір күні студенттер, магистранттар және докторанттардың - жас ғалымдар арасында өткізілді.


Аталмыш ғылыми іс-шараның ұйымдастырушысы «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кәсіптік даярлау бөлімінің оқытушысы қауым. профессор Гүлбану Абитова. Іс-шараның модераторы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс докторанты А.Т. Тұздыбаева болды.


Конкурс мақсаты - жас ғалымдарды қолдау, жастарды педагогикалық ғылыми мәселелерді шешуге жауап іздеуге қызықтыру, қоғамның маңызды ресурсы ретінде жастардың ғылым туралы түсініктерін кеңейту, жекелеген ғылыми бағыттар мен пәнаралық ынтымақтастық шеңберінде ғалымдар ұрпақтары арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайту.


Іс - шараның қорытынды сөзі Ғылым, мониторинг және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы А.К. Дүйсенбаев пен «Мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұ.Қ. Қыяқбаеваға берілді. Олар сайысқа қатысушыларға белсенділіктері мен жоғары білімдері үшін алғыстарын білдірді. Жеңімпаздар дипломдармен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу