қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2022

Педагогикалық форум

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2022 жылдың 4-14 сәуірі аралығында Ғылым онкүндігі өткізілуде. Осы орайда, Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кәсіптік даярлау бөлімі 13 сәуір күні жас ғалымдармен мектепке дейінгі ұйым басшылары, тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру саласының жас мамандарының әдістемелік қолдаудың жағдайы мен преспективасы» педагогикалық форум өткізді.


Аталмыш ғылыми іс-шараның ұйымдастырушысы «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кәсіптік даярлау» бөлімінің профессор оқытушысы Гулбану Абитова. Дөңгелек үстелдің модераторы - «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бөлімінің аға оқытушылары Сауле Еркебаева, Алтынай Жакупова.


Спикерлер ретінде Алматы қаласының мемлекеттік №187 балабақшасының меңгерушісі Фарида Омарбекова, Талғар ауданы «Асека Plus» балабақшасының меңгерушісі мен педгогтері және аталған мамандықтың 2-3 магистанттары мен PhD докторанттары сөз сөйлеп шебер сағаттырын өткізді.


Педагогикалық форумның мақсаты - студенттердің теорядан алған білімдердің ғылыммен - тәжірибе алаңының тиімді екендігіне, қызығушылығын арттыру, ғылыми әдістерді меңгеру, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласындағы ғылыми жұмыстарды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру болды. Ұйымдастырылған ғылыми шарада кафедра оқытушылары мен жас ғалымдар өз жоспарларымен бөлісіп, ғылыми-инновациялық саланы дамыту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу