қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2022

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара

 

2022 жылдың 24 наурызында Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталағында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика, өзін- өзі тану» білім беру бағдарламалар бөлімінің аға оқытушысы Ұлмекен Төлешованың ұйымдастырумен мерекелік іс-шара болып өтті.

 

Кәрілік шақ - адамның өмір тәжірибесінің молайып, көзқарасының әбден қалыптасып, бойындағы бар қабілеті мен күш жігерін еңбекте, ғылымда, өнерде, техникада тағы да басқа қызметте пайдаланып, өзінің басынан кешіргендерін жүзеге асыру кезі. Кәрілік шақтың әлсіз жақтары, дене өзгерісімен бірге психикалық құбылыстар да, атап айтқанда ұмытшақтыққа бой ұру, зейін қою білмеу сияқты өзгерістер байқалады. Зейнеткерлер көбіне үйде отырады. Олар әңгімелесін отырғанды жақсы көреді. Отбасын мүшелерінің барлығының қызметі бар. Әңгімелесін отыруға уақыттары жоқ. Үлкен кісілер көбіне басқа адамдардың көңіл бөлгенін жақсы көреді. Жалғыздықтан шаршайды. Кешке дейін үнсіз отыру өте қиын. Психологиялық денсаулықтары да бұзылып, үнемі ауырып, сырқаттанып қалады. Психологиялық денсаулықты жақсарту үшін дене қимылдары қажет. Осы орайда еліміздің қалалары мен облыс орталықтарында ашылып, жұмыс жасап жатқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» маңызы ерекше. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында Айкөнке, йога, психологиялық көмек, тіл сабақтары және т.б. жүргізіледі.

 

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» зейнеркерлердің денсаулығын қолдауға, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көңіл - күйлерін көтеруге, мәдени-рухани дамытуға бағытталады. Бұл орталыққа баратын ақ жаулықты аналар мен әжелерге арнап көктемгі мереке күндеріне орай Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенттері мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараны Әлтаева Мөлдір мен Амантаева Күнімай жүргізді. Мақсатова Нұршат пен Исатай Нурилла Қазақтың ескі әндерінен попурри өлеңдер айтты. Утеулиева Жанар «Анашым» өлеңін мәнерлеп оқыды. Зейнеркерлер мен студенттер бірге ән салды, би биледі. Соңында мекеме басшысы Уйсимбаева Гулнар студенттер мен ұйымдастырушы оқытушылар Ұ.Б. Төлешова мен Р.Е. Каримоваға рақмет айтып, ризашылығын білдірді. Апалар немерелерімен қатарлас балаларына ақ батасын беріп, ақ жол тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу