қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2022

«Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім жаршысы!» тренинг-семинары

 

2022 жылдың 3 наурызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш елді мекені Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде кезекті кəсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мектепке дейінгі, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары, PhD Г.Т. Абилбакиева және PhD М.А. Шауенованың ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім жаршысы!» тақырыбында тренинг-семинары өтті. Тренинг-семинарына шақырылған қонақтар осы мектептің директоры - Ақмарал Аккулиева, тәрбие ісінің меңгерушісі - Гүлзира Станкулова және психолог маманы - Нургуль Кулумбетова, сондай-ақ бітіруші сынып жетекшілері Назерке Пралиева (11 А), Болат Зайра (11 Ә), Беркімбаева Тоты (11 Б) және Жунисова Гульбарам (11 В). Ал тренинг-семинарға қатысушылар Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш елді мекені Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші сынып оқушылары.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта білім беру мекемелері арасындағы сабақтастықты арттыру және педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық қызметтің беделін көтеру, педагогикалық жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Бітіруші сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу