қазақша · русский · english
 
 
 
04.02.2022

Теориядан практикага жолтарттық


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығы Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының (қазақ және орыс топтары) 3 курс студенттеріне «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту. Студенттердің педагогикалық практикаға дайындық деңгейі» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізді.

 

Курсқа 100 астам студент, ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова, Алматы қаласының мемлекеттік бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері мен білім беру бағдарламаларының оқытушылары қатысты.

 

Курстың мақсаты - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартылған контексінде ЖОО бітіруші курс студенттерінің педагогикалық дағдыларын кәсіби дамыту; оқу үрдісін жоспарлауды, жобалауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру; білім беру мазмұнын жаңарту контексінде критериалды бағалау жүйесін енгізу; сыни ойлауды дамыту қағидаттарын енгізу; мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған.

 

Тыңдаушылар жалпы 6 модульден тұратын ауқымды құжаттамалармен танысып қана қоймай практикалық іс-тәжірибесімен ұштастырды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бойынша жаңа нормативтік құжаттармен, ғылыми- педагогикалық және инновациялық әдістер, Спиральді оқыту, STEM, SMART білім беру технологияларымен қатар Инклюзивті білім берудің жаңа талаптарымен педагогикалық қызметті іске асыру бойынша құзіреттіліктерді жетілдіруге түсінуге мүмкіндік алды.

 

Курс жетекшісі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы Сауле Еркебаева 2 апталық курсты жемісті аяқтап, практикалық іс-тәжірибесін студенттермен бөлісті. Курс қорытындысы бойынша Манара Адамова және Ұлбосын Қыяқбаева, №96 бөбекжай- балабақшасының меңгерушісі Наталья Красева сөз сөйлеп, өз ойлары мен ұсыныстарын айттты. 2022 жылдың 7 ақпан мен 10 мамыр аралығында студенттерді практика алаңында асыға күтетіндерін жеткізді. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, екі апталық психология курсының нәтижесін жан-жақты талдайтындықтарын айтып, өз пікірлерін ашық айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу