қазақша · русский · english
 
 
 
23.12.2021

«Жақсылық жолымен» 

Мұстафаев Бекзаттың еміне қаражат жинау қайырымдылық акциясы

 

2021 жылдың 24 қарашасы мен 9 желтоқсаны аралығында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, Г.Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының ерікті-студенттері Мұстафаев Бекзатқа Беларусь елінде бүйрек трансплантациясын жасату үшін, еміне қаражат жинау мақсатында онлайн және офлайн түрде «Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясын өткізді.

 

21 желтоқсанда акция аясында жиналған 570 мың теңге шамасында қаражатты әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Нұрлановтың, «Мейірім» клубының жетекшісі Г. Ширинбаеваның және «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы бойынша 2-3 курс ерікті студенттерінің қатысуымен Мұстафаев Бекзатқа табыс етілді.

 

«Мейірім» қайырымдылық клубы қолдауға мұқтаж Бекзатқа көмек көрсетуге ұмтылған барлық мейірімді жандарға шын жүректен алғыс білдіреді.

 

«Мен жеті жылдан бері бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ауыр науқаспен күресіп келемін. Шетелде, Беларуссияда бүйрек трансплантациясы операциясын жасаудан басқа амал қалмады. Тағдырдың қалауымен жақында мен «Мейірім» клубының қайырымдылық іс-шарасына шақырылып, ерікті жастармен таныстым! Ашық, шынайы әңгіме барысында ерікті студенттер менің қиналғанымды шын жүректен сезіндім. Менің ауыр тағдырыма бей-жай қарамай, бір ауыздан маған емге қаражат жинауға көмектесетіндерін айтты.Бүгін міне, қысқы сессияның қиын күндеріне қарамастан, ерікті студенттер университеттің оқу ғимараттарында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, маған қаржылай қолдау көрсетті. Маған әлеуметтік қолдау көрсеткен университет ректоры Дархан Нұрланұлына, «Мейірім» клубының ерікті студенттеріне, барлық педагогикалық ұжымға, одан бөлек студент жастарға және барлық қазақстандықтарға шын жүректен алғыс білдіремін», - деді күйші педагог Мұстафаев Бекзат.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы

 




Кері оралу