Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
06.12.2021
«Жүректен жүрекке» мерекелік қайырымдылық акциясы
2021 жылдың 3 желтоқсанында Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және аниматорлық бағыттары бойынша Алматы қаласының «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығында мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар үшін «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық мерекелік шарасы өткізілді.
Іс-шараға Педагогика және психология институты директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Даулен Идрисов және мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Қияқбаева және «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2-3 курстың ерікті-студенттері қатысты. Мерекелік шараны қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гулбахираның жетекшілігімен 2 курс студенттері Жұма Нұргул, Мурзағалиева Айнұр, Дюсенбекова Гулназ, Еңкебаева Ұлжан жүргізді. Ерікті студенттердің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті аясында қатысушылар арасында танысу қарым-қатынас үлгісін қалыптастыруға арналған мүгедек жандар үшін топқа бірігу тренингтері өткізілді.
Шараның құндылықты бағдарланған міндеттері, «Бауырсақ» ертегісі желісінде дидактикалық дамыту ойындары негізінде топтық шығармашылық іс-әрекетті құру алаңында ұйымдастырылды. Дарынды музыкант педагог, Мұстафаев Бекзаттың орындауы, мәдени-шығармашылық терапия ретінде қайырымдылық кештің сүйіспеншілік атмосферасын одан әрі нығайта түсті. Айта кету керек, Мұстафаев Бекзаттың өзі, 1-ші топтағы көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жан. (казіргі күні «Мейірім» клубы Беларус елінде бүйрек трансплантациясын жасату үшін, қаражат жинау кайырымдылық акциясын ұйымдастыруда). Осылайша, жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктірген айтулы мерекелік шарада ерікті-студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандар өзара жаңа достар мен мейірімді қарым-қатынас ортасын тапты.
Рефлексиялық талдау кезеңінде шараға қатысушылар жалпы өздерінің өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін сезінгені туралы жылы сезімдерімен бөлісті. Әлеуметтік-педагогикалық шығармашылық жұмыста анықталған белсенді топтарға мерекелік тілектер айтылып, торттар үлестірілді. Шара соңында болашақта ерікті-студенттердің жағымды әлеуметтік өзара байланыс дағдыларын үйрену мақсатында, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстарын жалғастыру бойынша бірауыздан ұсыныстар қабылданды.
«Мейірім» еріктілер клубы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|