қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2021

«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістері» вебинары


2021 жылдың 18 қарашасында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім , әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру» бағдарламалары бөлімінде «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістері» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарды Даугавпилс университетінің (Латвия) Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар институтының тұрақты білім беру орталығы профессоры Дзинтра Илиско жүргізді.


Вебинардың мақсаты - халықаралық университеттермен ынтымақтастықты нығайту және олардың тәжірибесін зерттеу. Дзинтра Илиско - Білім берудегі көшбасшылық және тұрақты даму мәселелері бойынша зерттеулермен айналысатын зерттеущі ғалым. Ол Латвиядағы мектепке дейінгі білім беруді дамыту туралы егжей-тегжейлі айтып, іс-шараға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.


Вебинарға профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар белсенді қатысты. Вебинар ынтымақтастық бойынша ұсыныстар бойынша пікір алмасулармен жалғасты.

 

   

 

   




Кері оралу