Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.06.2021
«6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алуға диссертациялық кеңес өткізілді
2021 жылғы 28 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған диссертациялық кеңесте Тлеубай Сандуғаш Тлеубаевнаның «Болашақ мектепке дейінгі ұйым пеадгогтерінің үштілділік коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы диссертациясы қорғалды.
Сондай-ақ «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану білім беру бағдарламаларының» аға оқытушы М.А. Шауенова «У.Кайқауыстың «Қабуснамасындағы» педагогикалық идеялар негізінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау» тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, философия докторы (РhD) дәрежесі берілді.
Диссертациялар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Ғылыми кеңесшілер (С.Тлеубай): Манкеш Аксауле Ерженбаевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Алматы қаласы. Қазақстан. Гурджу Ердамар - доктор PhD, Гази университетінің профессоры, Анкара қаласы, Түркия. Ресми рецензенттер: Керимбаева Рысты Калдыхановна - Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры 13.00.01), Тараз қаласы, Қазақстан. Майлыбаева Гульмира Сабыровна - Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕ АҚ оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а, педагогика ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры 13.00.01), Талдықорған қаласы, Қазақстан. Ғылыми кеңесшілер (М.Шауенова) Манкеш Аксауле Ерженбаевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Алматы қаласы. Қазақстан. Юджел Гелишли - доктор PhD, Гази университетінің профессоры, Анкара қаласы, Түркия. Ресми рецензенттер: Керимбаева Рысты Калдыхановна - Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры 13.00.01), Тараз қаласы, Қазақстан. Әлсатов Тұрсын Мухамерұлы - педагогика ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры (мамандық шифры 13.00.01), Шымкент қаласы, Қазақстан.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|