қазақша · русский · english
 
 
 
15.06.2021

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

2021 жылдың 11 маусымында Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Жаһандық білім беру кеңістігіндегі ұлттық құндылықтар мәселелері: бүгіні мен болашағы («Атамекен» бағдарламасының авторы М.Қ. Құрсабаевтың 60 жас мерейтойына орай) халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Ашылу салтанатын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры Саябек Сахиев алғы сөзбен бастап, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, құттықтау лебізін білдірді. Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану ББ жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева аралас форматта өткізіліп отырған пленарлық отырыстың отандық және шетелдік қонақтарымен таныстырды.

 

Конференцияда шетелдік ғалымдар: И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Тууганбай Конурбаев «Атамекен программасы кыргыз, казак жаштарын улуттук нарктардын негизинде тарбиялоонун озогу», Педагогтің кәсіби даму институтының директоры Ольга Коломиец (Мәскеу, Ресей) «Единое образовательное пространство: проблемы и перспективы», Гази Университетінің (phd) доктор, профессоры Юджел Гелишли (Түркия) «Türk Dili ve Edebiyatı dersi programının 21. Yüz yıl beceri ve değerleri açısından incelenmesi» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.

 

Сондай-ақ, отандық ғалымдар: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік педагогика және өзін-өзітану кафедрасының оқытушысы, профессор Галиябану Кертаева, Тараз гуманитарлық-техникалық университетінің оқытушысы, ҚР ПҒА корреспондент-мүшесі Бөлеев Қалдыбек, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының жетекшісі, профессор Салтанат Әбілдина, ҚР білім және ғылым Министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Орта білім орталығының директоры Шолпан Шүйіншина баяндамаларын жасап, қазіргі білім беру проблемалары, осы саладағы ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту туралы өз ойларымен бөлісті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу