қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

«6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы

 

2021 жылдың 22-23 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасы базалық жоғары оқу орындары арасындағы 6В012-«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты - Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогикалық білімдерді насихаттау, студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, кәсіби педагогикалық және шығармашалық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

 

Олимпиаданың салтанатты ашылу күнінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университенің ректоры Такир Балықбаев құттықтау сөзін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Келесі кезекте педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасының онлайн форматта өту ерекшелігін атап, барлық қатысушы топтарға жеңіс тіледі.

 

Олимпиада бағдарламасына сәйкес сайыс 4 кезеңді қамтыды:

1. «Жаңа формация - педагог-тәрбиеші» команданың өзін таныстыруы;
2. «Білім ринг-білім додасы» тест тапсырмалары;
3. «Инновациялық бағыттар: заманауи педагог -тәрбиеші теориядан практикаға» шығармашылық жоба сайысы;
4. «Педагог-тәрбиешінің шеберлік әлемі» жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы ұйымдастырылған оқу қызметі.


Әділ қазылар төрайымы - М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми қызметкері Гүлжахан Орда. Қазылар алқасының мүшелері - №144 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Раушан Ахметова; Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Раушан Тумаева; Алматы қаласының №109 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Орынбасар Курмамбаева; мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева.

 

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 3 курс студенттерінен құралған «Болашаққа бағыт» командасы иеленді. (топ жетекшілері: аға оқытушы Сағыныш Ошақпаева, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс докторанты Сауле Еркебаева, топ мүшелері Бибінұр Тәкешова, Анар Джангабаева, Аяулым Әбзелбек, Айгерім Асанхан).

 

I-орынды Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты «Құлжанова ізбасарлары» тобы (Топ жетекшісі: АрқПИ доценті Роза Жандилдина, топ мүшелері: Солтанбек Аймерей, Жақсылық Шұғыла Мақсұтқызы, Несіпбай Дильназ Нұржанқызы, Сүлеймен Жазира Аманжолқызы);

II-орынды Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Шамшырақ» тобы (Топ жетекшісі: доцент Рауана Маженова. Топ мүшелері: Айшат Адасова, Мөлдір Мусина, Мәдина Сұлтанова, Толкынай Аубакирова);

II-орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Ұлт тәрбиешілерінің ұстаханасы» тобы (Топ жетекшілері: профессор Акгул Жубандыкова, аға оқытушы Адлет Кариев. Топ мүшелері: Айнұр Аликулова, Жансая Әшірбай, Орынкүл Сейітсұлтан, Балжан Балтабек);

III-орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Нұрлы ақыл» тобы (Топ жетекшісі: аға оқытушы, Алмагуль Лекенова. Топ мүшелері: Асылзат Қоңырбаева, Зульфия Саудаш, Айдана Мизам, Назым Жанбатырқызы);

III-орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Smart Kids тобы (Топ жетекшісі: Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі Клара Туребаева. Топ мүшелері: Альфия Курмантаева, Айгерім Тілектесова, Диана Аманкелдина, Назира Базарбай);

III-орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Жаңашыл 4К» тобы (Топ жетекшілері: аға оқытушысы Орынгүл Абилова, оқытушы Жанна Утемисова. Топ мүшелері Ұлжан Матығұл, Аяжан Толепбергенқызы, Жұлдызай Жақсылықова, Аяжан Құндақбаева) иеленді.

 

1-ші орын алғандарға 30 мың теңге, 2-ші орынға 20 мың және 3-ші орынға 10 мың теңге сыйақы берілді.

 

   

 

   




Кері оралу