қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2020

«Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті» вебинары


2020 жылдың 3 қарашасында Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика бағдарламаларының оқытушысы, PhD «6В0120 -МДОжТ» мамандығының 2-ші курс 2-топ эдвайзері Галия Абилбакиева «Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті» тәлімгерлік сағат вебинарын ZOOM платформасында өткізді.

 

Вебинар мақсаты - студенттердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту болды.

 

Іс-шараға Мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бағдарламасының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева, аға оқытушы Ұлмекен Төлешова және студенттер қатысты.

 

Вебинар модераторы Абилбакиева Галия болды. Вебинар барысында спикер Ұлмекен Төлешова студенттердің қарым-қатынас мәдениетін дамытудағы келелі мәселелерді ортаға салды. Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарды даярлауда қарым-қатынас тәсілдерін игеру жолдары көрсетілді.

 

Вебинар жұмысын мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бағдарламасының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева қорытындылады.

 

   




Кері оралу