қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2020

Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі

 

2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында онлайн семинар-практикум өткізілді.

 

Семинар-практикумның мақсаты - ғалымдар мен педагогтардың және мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби диалогына жағдай жасау, балаларды ерте жастан дамытуды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу болып белгіленді.

 

Онлайн-семинар жұмысында ф-м.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ директорының инновациялық білім бойынша орынбасары Н.О.Қойлық құттықтау сөз сөйледі.

 

Семинар-практикумды п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі А.А. Маханбетова мен кафедраның курстан кейінгі қолдау және инновацияны дамыту зертханасының меңгерушісі Г.А. Биомарова жүргізді.

 

Іс-шара барысында п.ғ.к., «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі А.А.Маханбетова, ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунова, п.ғ.д., ҚазҰлтҚызПУ профессоры С.Н.Жиенбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева, кафедра доценті У.Б.Толешова, аға оқытушылары: 3 курс PhD докторанты С.Ж.Еркебаева және п.ғ.м. Ошақпаева С.Қ., Б.Аувакир, сондай-ақ республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары баяндама жасап, өз тәжірибелерін ортаға салды.

 

Семинарға 75-ден астам білім беру қызметкерлері, атап айтқанда, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының оқытушылары, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары, Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.

 

Іс-шара мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан дамытуды басқарудағы инновациялық тәсілдер, 1 мен 3 жасар алығындағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдысын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша онлайн режимінде диалог алаңына айналды.

 

Республикалық онлайн семинар-практикум қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып, қабылданды.

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу