Онлайн форматта өткен кафедра отырысы «Қашықтан оқыту - білім беру жүйесін жақсарту қадамы»
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева қашықтан оқыту үдерісіне қатысты профессор-оқытушылармен бірлесе ZOOM платформасында жиналыс өткізді.
Кафедра отырысында қашықтан оқыту жағдайында оқытушылардың пайдаланып жатқан білім беру платформалары мен онлайн сабақтардың педагогикалық дизайны туралы жан-жақты талданды. Видеодәрістер мен вебинарлар және кері байланыстар ZOOM, Hangouts, Skype, Univer, LMS MOODLE, Google classroom, Webex, Microsoft Teams платформалары мен сервистерінде жасалуда. Осы сервистердің мүмкіндіктері мен тиімділігі жан-жақты талданып, оқытушылар тәжірибесі ортаға салынды.
Келесі кезекте күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша: оқу құралдары, оқулықтар, монография және әдістемелік нұсқауларды шығаруға дайындық жұмыстары; Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша емтихан билеттерін бекіту, тест және жазбаша емтихан сұрақтарын құрастыру туралы; Дипломдық жұмыстардың, магистрлік, докторлық диссертациялардың алдын-ала онлайн форматта қорғау мәселелері талқыланып, мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстары және өзгеде мәселелер айтылды.
Сондай-ақ кафедра меңгерушісі оқытушыларға алыс аймақта тұратын, ғаламтор желісі нашар ұстайтын, қосылуға мүмкіндігі жоқ студенттер мен магистранттарға толық білім ала алуды, көктемгі сессияға толық қатысуын қамтамасыз етуді және жан-жақты қолдау мен түсіністік таныту қажет екендігін жеткізді.
Жиналыс барысында ақылы оқитын студенттерге жеңілдіктерді қарастырып қолдау көрсету мақсатында төлеу мерзімінің мамыр айының соңына дейін ұзартылғандығын тағы да бір ескертіп, эвайзерлер мен оқытушылардың осындай төтенше жағдайға қарамастан бірлесе өткізіп жатқан онлайн видеодәріс, вебинар, тәрбие сағаттары үшін алғыс білдіріп, жан-жақты пікірлер тыңдалып және басқа да мәселелер пысықталды.