қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2020

«Абайды біл, жас достар!» онлайн іс-шара


2020 жылдың 18 сәуірінде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Назира Атемкұлова, аға оқытушылары Мейрамгүл Сұраншиева мен Әсем Булшекбаева «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы 1-3 курстарының (қазақ бөлімі) эдвайзерлік топтарымен қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайды біл, жас достар!» тақырыбында онлайн тәрбие сағатын ZOOM платформасы арқылы өткізді.


Тәрбие сағатының мақсаты мен міндеттері:
- ұлт мақтанышы, данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау;
- студент жастарды тағылымы терең тарих сабақтары мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени іс-шаралар арқылы тәрбиелеу;
- ғұлама ақын шығармалары арқылы студенттердің бойында рухани-адамгершілік, имандылық, патриоттық қасиеттерін арттыру;
- дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету;
- ән, көркем сөз оқу өнерін дамытуға атсалысу;
- Абай мұраларының жастар арасында кең таралуына ықпал жасау.


Онлайн тәрбие сағатына аталған мамандық студенттері үлкен дайындықпен келген, олар осының алдында «Өлең сөздің патшасы» Абай өлеңдерін оқудан челлендж өткізген болатын.


Іс-шараның ашылуында кіріспе сөзді институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәулен Ыдырысов, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қыяқбаева сөйледі. Онлайн тәрбие сағатына кафедраның профессор-оқытушылар құрамының барлығы қатысып, студенттерге қолдау көрсетті.


Іс-шараға студенттер барынша дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Тәрбие сағатында Абайдың өмірі мен шығармаларынан үзінділер бейнеленген слайдтар, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқылды, фотосуреттер, үнтаспа, студенттерің өз шығармашылығынан өлеңдер оқылды.


Ааға оқытушы Мейрамгүл Сұраншиева «Абай идеяларының ХХІ ғасыр педагогикасымен үндесуі», студент Айнұр Халмахан «Абайды тану- өзіңді тану» тақырыптарында баяндамалар жасады.


Тәрбие сағатының соңында студенттердің орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні хормен орындалды.


Онлайн тәрбие сағаты Абай мұрасының өз маңызын жоғалтпағандығын, керісінше, Абай өлеңдері жаңаша бағытта жаңғырғандығын көрсетіп, студенттер мен оқытушылар арасында үлкен толғаныс орнатты.

 

   

 

   




Кері оралу