қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2020

«Бала дамуының дағдарыстары» семинары


2020 жылы 21 ақпанда Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры Роза Бекмағамбетова «5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс студенттеріне «Бала дамуының дағдарыстары» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

 

Ашық семинар сабағына кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қиякбаева, оқытушылар Мираш Сұраншиева, Долорес Нұрғалиева, Асем Бүлшекбаева, Айдана Иниятова қатысты.

 

Семинар сабағының мақсаты - баланың дамуындағы дағдарыстың мәнін анықтау және оларды жеңудің тиімді жолдарын ашу.

 

Студенттер сабақ барысында бала дамуындағы дағдарыстардың мәнін аша алды:

- жаңа туған нәрестенің дағдарысы,
- бала өмірінің бірінші жылындағы дағдарыс,
- үш жастағы дағдарыс,
- 6-7 жастағы дағдарыс.


Cонымен қатар, дағдарыстың белгілерінің пайда болуын, олардың белгілерін, әрбір сын кезеңдегі жаңалықтардың, дағдарыстың соңғы белгілерін, ересектердің дағдарысты еңсерудегі рөлін, немқұрайлылық жағдайында баланың дамуындағы дағдарыстардың зиянды әсерлеріне назар аудара отырып, бала дамуындағы дағдарыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, баланың дамуындағы дағдарыстың маңыздылығын айқын көрсете білді.

 

Сабақ барысында ұйымдастырылған оқу формаларының түрлері: жеке, жұптық және топтық жұмыстар, аудиовизуалды құралдар мен заманауи ақпараттық және компьютерлік технологиялар қолданылды.

 

Сабақ барысында студенттер педагогикалық жағдайларды сәтті шешуде, ми шабуылы, «Фишбоун» және баланың даму дағдарыстарын еңсеруде ата-аналарға арналған ұсыныстар әзірледі.

 

Сабақтың нәтижелері мақсатқа қол жеткізілгендігін, барлық қатысушылар белсенді болғандығын, әр оқушыға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс демократиялық стилі қолданылғандығын көрсетеді.

 

   




Кері оралу