қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2020

«Европа мен Орталық Азияда әлеуметтік педагогтардың құзыреттілігін қалыптастыру» on-line вебинары

 

2020 жылдың 19 ақпаны күні Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, аға оқытушылар Мираш Кадыровна мен Айгүл Ахметова Колумбия университетінің ғылыми қызметкері Людмила Киммен «Европа мен Орталық Азияда әлеуметтік педагог қызметкерлерінің құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында on-line вебинар өткізді.

 

Оn-line вебинардың мақсаты - Қазақстан, Грузия, Албаниядағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс саласындағы қызметкерлердің рөлін, әлеуметтік педагог мамандарды даярлаудағы ғылыми жобаларын, оқу бағдарламалары мен әдістерін талдап, талқылау арқылы жүзеге асыру.

 

Колумбия университетінің ғылыми қызметкері Людмила Ким оn-line кеңестің мақсатын толық айтып, мүдделі тараптардың сипаттамасын саралап өтті.

 

Сонымен қатар вебинар барысында кафедра оқытушылары Ұлбосын Қыяқбаева, Мираш Кадыровна, Айгүл Ахметова «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығында оқитын студенттерінің ғылыми жобаларға қатысқан жетістіктерімен, оқу бағдарламаларымен, іс-тәжірибе барысында атқарған жұмыс түрлерімен таныстырып, алдағы уақытта Европа және Азия елдерімен серіктестікте жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

 

«Stakeholder» талабына сай әлеуметтік педагог мамандарды даярлау мәселелері талқыланып, алынған деректер бойынша ғылыми жоба дайындау, оқу бағдарламасын әзірлеу және әлеуетті тарату жоспарын, әдістерді жүзеге асыру мен орнықтылықты ақпаратпен толтыру үшін пайдаланылатын болады деген шешім жасалды.

 

Нәтижесінде шетелдік әріптестермен іс-тәжірибе мен аталмыш диалогтық алаңдарды on-line форматында жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарланды.

 

   

 

   

 




Кері оралу