қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2020

Театрдағы «Абай» спектаклі 

 

2020 жылдың 18 ақпанында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы, PhD докторлар Мейрамкүл Сураншиева мен Әсем Булшекбаева және қауымдастырылған профессор Назира Атемкулова «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-2-3 курс (қазақ бөлімі) эдвайзерлік топтарымен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өткен М.Әуезовтің «Абай» трагедиясын тамашалап қайтты.


Ұлы Абай... күшті эпикалық тыныс мен лирикалық күйзеліске толы адам мен халық драмасы. Спектакльде «Абай және халық» тақырыбы көтерілді. Абай-халықтың, әділдік қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарының, ар-намыстың, тәуелсіздіктің қорғаушысы. Абай адамдардың құқықтары үшін күреседі. Адам кедей болсын, бай болсын, адам болып қалуы керек. Барлығы үшін тәртіп, бостандық және тәуелсіздік болуы тиіс! Қойылымда ұлы ақынның сазгерлік қыры ашылады.


Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл тұста студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде театрдың орны ерекше.


Осы мақсатта топ эдвайзерлері студенттерді қаладағы өнер ошақтарына жиі апарып, мәдени құндылықтарының қалыптасуына ықпал етуде.

 

   

 

   




Кері оралу