қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2020

Өзін-өзі дамыту технологиясы

 

2020 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында оқытушы Айдана Иниятова «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс, 1 топ студенттеріне «Өзін-өзі дамыту технологиясы» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

 

Ашық семинар сабағының мақсаты - өзін-өзі дамыту технологиясының мәні мен мазмұнын ашып, тұлғалық дамуына әсер етуші ойын технологияларын саралап, талдау арқылы «Мен» тұжырымдамасының құрылымын меңгерту. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы өмірлік ұстанымы бола алады.

 

Шығармашылықпен байланыстырыла өткен сабақта дамыта оқыту технологиясы, тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясының элементтері көрініс тапты. Жаңа тақырыпты айқындау мақсатында интербелсенді тақта арқылы студенттерге (подкастинг) бейнебаян көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы миға шабуыл стратегиясы қолданылды. Топтық жұмыс жасауда студенттер «Кластер», «Эйлер шеңбері» әдістерімен талдау, саралау, салыстыру жұмыстарын жасады. «Ыстық орындық» ойыны арқылы логикалық қабілеттерін шыңдап, «Кахут» технологиясын сабақта қолдану арқылы жинақтап, қорыту тесті алынды. Ашық семинар сабағында студенттер «Бес саусақ» кері байланыс жасау арқылы, өз-өздерін және сабақты бағалады. Тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналған технологияларды меңгертуге негізделген ашық семинар сабағында студенттер белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін арттырды.

 

Ашық семинар сабағына кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және кафедраның профессор-оқытушы құрамы қатысты. Семинар сабаққа қатысқан кафедра оқытушылары өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

 

Айдана Иниятованың «Өзін-өзі дамыту технологиясы» тақырыбында өткізген ашық семинар сабағы жоғары деңгейде өтікізілді деп баға берілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу