қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.02.2022

Абай университеті студенттерінің химия пәнінен олимпиадаға қатысуы

 

2022 жылғы 15 ақпанда Жаратылыстану және география институтының «Химия» білім беру бағдарламасы тобының студенттер командасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде өткен «Petrogames» олимпиадасына қатысты.

 

Олимпиадаға ҚР жетекші жоғары оқу орындарының «Химия» және «Мұнай химиясы» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер қатысты: Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚазҰПУ және Каспий университеті.

 

Олимпиада 4 кезеңде өтті: 1-ші - химиядан есептер шығару (барлық бөлімдер бойынша); 2-ші - 21 ғасырда мұнайды экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану (командалардың тұсаукесерлері); 3-ші - кейс- тапсырмалар: қондырғыны орнатуды ойлап табу және 4-ші тур - реакция механизмін түсіндіру (презентациялар, бейне-роликтер).


Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының команда мүшелері:
1. Галати Ирина, 2 курс студенті, 6В05301 - «Химия»;
2. Алдаберген Балабек, 2 курс студенті, 6В05301 - «Химия»;
3. Нурахунова Радилям, 2 курс студенті, 6В05301 - «Химия»;
4. Әшірбаев Еркебұлан, 1 курс магистранты, 7М01510 - «Химия»;
5. Сейдазым Аяулым, 1 курс магистранты, 7М01510 - «Химия»;
6. Темірбаева Қазына, 1 курс магистранты. 7М01510 - «Химия»;
Команда жетекшісі: х.ғ.к., доцент Мейрманова Айгүл.


Абай университетінің командасы ЖОО-ның арасында жүлделі 1-ші орынды иеленді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -2 орын, Қазақстан-Британ техникалық университеті - 3 орынды иеленді.


Студенттерімізді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жеңістер тілейміз!