|
| |
2016 жылдың 24 ақпанында шетел ЖОО-ры ынтымақтастығы аясында «Педагогика және психология» кафедрасында, п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұ.М. басшылығымен, әлем кеңістігінде белгілі орынға ие ЖОО бірі, Лейпциг университеті ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуге шақырылған қонақтар, Лейпциг университеті ғалымдары профессор, доктор Барбара Дринк - педагогикалық ғылымдар институтының директор қызметін орындаушысы, профессор, доктор Гунар Зенф - Педагогика және психология факультетінің оқу ісі жөнінде орынбасары, профессор, доктор Кенжағалиева Махаббат - оқу үдерісінің координаторы, ғылыми қызметкер, сонымен қатар ғылыми әдістемелік кешен: мектеп - колледж - ЖОО мүшелері, Дуанабаева Б.Ч. - №2 Гуманитарлы педагогикалық колледж директоры, Протащик С.В. - №132 Гимназия ғылыми істер бойынша орынбасары және Абай аиындағы ҚазҰПУ педагогика және психология кафедрасының профессор- оқытушылары қатысты. Кездесу барысында бүгінгі таңдағы педагогика және психология ғылымындағы өзекті мәселелер, кафедра аясында білім алушылардың шетелдік тағлымдамаға баруы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, кафедра докторанттарының ғылыми жетекшілігі мәселелері көтерілді.
«Педагогика және психология» кафедрасында, п.ғ.д., профессор Ұ.М. Әбдіғапбарованың басшылығымен желтоқсан айының 11-26 аралығында халықаралық дәрежедегі біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Осы курсты жүргізу үшін академиялық мобильдік қызметкерлерінің көмегімен Лейпциг (Германия) университетінің психология Институтының білім беру және оңалту кафедрасының профессоры, PhD докторы, Гарбер Алена Ильинична шақырылды. Профессормен кездесуге «Педагогика және психология» кафедрасының профессорлары, оқытушылары және магистранттар мен докторанттар қатысты. Оның барысында психологияның маңызды мәселелері талқыланды. Профессор «Білім берудегі кеңес беру психологиясы» тақырыбында 72-сағаттық курстың дәрістерін оқыды. Сонымен қатар, курстың барысында Лейпциг университетінің профессоры А.И. Гарбер неміс тілді елдеріндегі коммуникация саласындағы («Төрт құлақ», «Синергос»), тұлғалық және кәсіби дамумен байланысты моделдерді талдауға (Шульц фон Тун профессордың мектебі және Элизабет Кюненің психотерапия мектебі) арналған мастер-класс жүргізді. Осы модельдер Германия мен Еуропада отыз жылда психологиялық кеңес беру және басқару психологиясында тәжірибеден өткізіліп, олардың тиімділігі анықталған. Курстың соңында тыңдаушыларға (ЖОО-ның оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға) халықаралық дәрежедегі сертификаттар табысталды. Осыған орай кафедра ұжымы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілігіне және академиялық мобильдік бөлімі қызметкерлеріне кәсіби тұрғыдан жетілуге берілген мүмкіндік үшін ризашылығын білдіреді. Еуропа қауымдастығы және алыс шет елдерінің университеттерімен серіктестік қатынастарды орнату бізге білім беру технологиялары мен ғылыми инновациялар саласында психология ғылымы бойынша таным ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.
2015 жылдың 26 - сәуір мен 05 мамыр аралығында Педагогика және психология кафедрасы, «6М010300 - Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттары, 500 үздік университеттер қатарына кіретін ЖОО - ның бірі, Лейпциг университетінен 10 күндік ғылыми тағлымдамадан өтті. Тағлымдама барысында Лейпциг қаласымен, ФРГ мен Саксонияның білім беру жүйесімен, ФРГ мектеп психологиясымен, Вильгельм Вунттың жұмыстарымен танысу арқылы білімдерін жетілдірді. Лейпциг университетінің белді ғалымдары Махаббат Кенжеғалиева, Барбара Дринк, Яна Пэтц, Берит Лам, Штефани Шене және Андреас Мэдебах сынды доктор, профессорларымен тығыз байланыс орнатып әр түрлі трегнингтерге қатысуға мүмкіндік алды. Магистранттар Германия елінің Лейпциг, Дрездон, орталығы Берлин қалаларымен экскурсия барысында таныса алғандығын айтты. Тағлымдама нәтижесінде 10 күндің жұмыс қорытындысы шығарылып, магистранттарымызға сертификат тапсырылды.
Академиялық ұтқырлық (шетел профессорларының келуі, студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы) 2016 - 2017 оқу жылында Педагогика және психология кафедрасы аясында академиялық ұтқырлық бағытындағы іс-шаралар келесі бағыттарда орындалды. ҚР БжҒМ 2016 жылдың 26 - ші қазанда шыққан №626 «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту» бұйрығы бойынша бөлінген қаржы қорынан 04.12.2016 - 29.12.2016 аралығында Педагогика және психология институтының студенттері, магистранттары мен докторанттарына дәріс оқу мақсатымен Мәдениет және өнер Белорусстік мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ирина Александровна Малахова шақырылды. Профессор И.А. Малахова жоспарланған уақыт аясында Педагогика және психология кафедрасында 05.12.2016 - 12.12.2016 күндер аралығында дәріс оқыды. Профессор ұсынған бағдарламаға сәйкес: «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесі», «Жоғары мектеп педагогикасының негіздері» тақырыптары аясында дәрістер ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама аясында төмендегідей тақырыптарда дәріс оқылды: «Курсқа кіріспе. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесі», «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері», «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принцптері», «Ғылыми зерттеудің аппараты, оның мазмұны және сипаттамасы», «Ғылыми таным әдістері және классификациялары», «Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістері», «Заманауи білім беру жүйесінің даму деңгейі». Ең алғашқы күннен профессормен кездесуге кафедра профессор - оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Профессор дәрістері қазіргі заманауи талаптарға сай, білім беру саласына қатысты өзекті мәселелерді қозғай отырып, жоғары деңгейде жүргізілді деп айта аламыз. Кафедра докторант, магистрантары үшін аталған тақырыптардағы дәрістердің үлесі зор, себебі зерттеу жұмысына қатысты көптеген мәселелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Педагогика ғылымының әдіснамасына тереңірек тоқталып, Беларус елінің білім беру жүйесімен, педагогика ғылымындағы толғандырушы мәселелермен тереңірек таныс болуға жағдай тудырды. Аталған дәріс аясында қарастырылған тақырыптар студенттер үшін күрделілік танытқанымен, біз студенттерімізден аса қызығушылықпен дәріс барысында сұрақтар қоюын байқай алдық. Аталған курс аясында Педагогика және психология кафедрасында курстың соңындатыңдаушыларға (ЖОО-ның оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға) қорытындылаушы іс-шара ретінде «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесі», «Жоғары мектеп педагогикасының негіздері» атты 72 сағаттық сертификат табысталуы ұйымдастырылды. 2016 жылдың 04 - 15 желтоқсан аралығында Педагогика және психология кафедрасына Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің пс.ғ.д., профессоры Татьяна Ивановна Шульга ҚР БжҒМ 2016 жылдың 26 - ші қазанда шыққан №626 «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту» бұйрығы бойынша бөлінген қаржы қоры есебінен шақырылды. Ғалым кафедра профессор - оқытушыларына, докторант, магистрант, студенттерге арналған «Қазіргі білім беру жүйесін басқару» курсын алып келген. Аталған курс барысында біздің кафедраға аса құнды тақырыптар аясында дәріс оқылды деп айта аламыз, себебі кафедрада білім беру менеджменті бағытындағы мамандарды даярлау жүргізіледі. Профессор даярлаған бағдарламаға сәйкес дәрістерін атап өтер болсақ, олар төмендегідей: «Қазіргі кездегі басқарудың мемлекеттік - қоғамдық сипаты. Педагогтың кәсіби стандарты», «Педагогикалық менеджмент туралы түсінік. Басқару амалдары және қызметтері», «Білім беру сапасын басқарудың педагогикалық және психологиялық аспектілері», «Басқарушының этикасы және іскерлік қарым - қатынасы. Басқарушының іс-әрекеті және сөйлеу мәдениеті», «Білім беру мекемесіндегі қызметкерлерді басқару», «Білім беру мекемелеріндегі эволюция және ұйымдастырушылық мәдениет», «Педагог еңбек мотивациясы», «Білім беру үдерісін ұйымдастыру», «Тәрбие үдерісін ұйымдастыру», «Білім беру сапасын басқару жүйесі және білім беру мекемелеріндегі білім сапасын бағалау». Жоспарға сәйкес дәріс 10 күндігінде профессор Т.И. Шульга мен кафедра профессор - оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері арасында теориялық негізде толық, тәжірибеге бай болашақ кәсіби іс-әрекетке аса құнды қарым - қатынас орнатылды. Курс соңында тыңдарман қатысушыларға «Заманауи білім беру жүйесін басқару» атты сертификат табысталды. Біз үшін тәуелсіздік алғаннан кейінгі білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерімен көршілес елдермен бөлісу тәжірибесі өте қажетті. Педагогика және психология кафедрасы 1-3 курс докторанттарының ғылыми тағлымдамасы, шетелдік кеңесші келуі туралы ақпарат. Аталған кафедрада қазіргі кезде 6Д010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша 3 курста - 4 докторант, 2 курста - 5 докторант, 1 курста - 11 докторант білім алуда. Осы уақытқа дейінгі кезеңде 3 курс бойынша барлық докторант ғылыми тағлымдамадан өтіп, шетелдік кеңесшілерінің келуі жүзеге асырылды. Кестеге сәйкес аталған оқу жылында 3 курс докторанты Шалабаева Лаура Исмаилбековна 2016 жылдың 15 - 31 қазан аралығында Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінде, «Психодиагностика және клиникалық психология кафедрасында», кафедра меңгерушісі, тікелей ғылыми кеңесшісі пс.ғ.д., профессор Леонид Фокич Бурлачук басқаруымен 15 күнге созылған ғылыми тағлымдамадан өтті. Аталған кафедра 1973 жылдан бері әлеуметтік және педагогикалық психология бағытында қызмет етуде, қазіргі күні 2008 жылдан бері «Психодиагностика және клиникалық психология кафедрасы» болып аты өзгертілген. Кафедраның негізгі ғылыми бағыты: психодиагностика, медициналық психология, психотерапия, психологиялық кеңес беру, Уәждеме психологиясы, Нейропсихология, психогенетика, патопсихология және т.б. Кафедра түлектері бакалавр деңгейінде «Психология», магистр деңгейінде «Клиникалық психология», аспирант және докторант деңгейінде «Медициналық психология» мамандықтарын иеленеді. Психология факультетінде 6 кафедра қызмет етеді: жалпы психология, әлеуметтік психология, даму психологиясы, психодиагностика және клиникалық психология, әлеуметтік жұмыс, педагогика. Докторант ғылыми тағлымдама барысында көрсетілген кафедра профессор - оқытушыларынан «Психологиядағы теориялық - әдіснамалық мәселелер», «Өзіндік тану психологиясы», «Психологиялық тренинг технологиясы», «Шығармашылық және шеберлік психологиясы» тақырыптарында дәріс алған, сонымен қатар зерттеу жұмысына қатысты мәліметтерді жинақтап, кітапхана қорымен таныс болған. 2 курс докторанттарына тоқталып өтер болсақ, 2 курста жоғарыда атап өткеніміздей 5 докторант білім алуда, қазіргі күні докторанттар ғылыми тағлымдамасы іске асырылмаған осы жылы жоспар негізінде іске асырылады, ал шетелдік кеңесші шақырылуына қатысты 2016 жылдың 17 мен 30 желтоқсан аралығында 2 курс докторанты Таженова Гульсара Сериковнаның, ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Б.А. Тұрғынбаева, шетелдік ғылыми кеңесшісі Ғази Университетінің (Анкара, Түркиә) п.ғ.д., профессоры һаяти Акиюл шақырылған. Профессор «Педагогиканы оқытудың жаңа тұжырымдамасы туралы» жеке бағдарламасы бойынша дәрістер курсын өтуді жоспарлаған. Дәрістер курсына тоқталар болсақ, «Білім беру 21 ғасыр таңдауы. Білім беру құбылыс және құндылық ретінде. Жоғары білім беру парадигмасы», «Жоғары білім беру дамуының мега тенденциялары. Болон үдерісі және оның негізгі принциптері. Білім берудің ұлттық жүйесі», «Педагогикалық білім пәні. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары. Педагогикалық ғылыми пәндер жүйесі», «Педагогикалық ғылым міндеттері. Педагогиканың қазіргі мәселелері», «Әдіснама ғылым даму негізі. Педагогикалық ғылымдағы әдіснама түсінігі. Әдіснама білім және іс-әрекет жүйесі ретінде», «Әдіснама деңгейлері. Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық амалдар және принциптер», «Негізгі ізгілік теориялары. Педагогикалық зерттеу әдіснамалық критерийлері мен параметрлері», «Педагогикалық үдеріс түсінігі, Педагогикалық үдеріс қызметінің заңдары мен заңдылықтары», «Педагогикалық үдеріс қозғаушы күштері және оны қолданудың ерекшеліктері», «Педагогикалық үдерістің тәрбие механизмдері», «Педагогикалық іс-әрекет мәні мен құрылымы», «Кәсіби маңызды сапалар, педагогикалық іс-әрекеттегі педагогикалық ойлау». Және де профессор докторант ізденісе қатысты өз елінің озық үлгілерімен бөлісіп, құнды кеңес беруде. Сонымен қатар осы уақыт аралығында 2 курс докторанты Атабекова Бактыгүл Ботабековнаның шетелдік ғылыми кеңесшісі Ғази университетінің (Анкара, Түркия) п.ғ.д., профессоры Юсуф Будак шақырылған. Ғылыми кеңесші докторант ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты кеңес берумен қатар, қосымша кафедра профессор - оқытушыларымен, өзге де докторант, магистрант, студенттермен жұмыс жасау мақсатымен төмендегідей тақырыпта: «Оқытудың қазіргі технологиялары» атты өзіндік курсын даярлап келген. Аталған курс аясында төмендегідей тақырыптарда дәріс оқылуда: «Қазіргі білім беру технологиясы еліміздің объективті қажеттілігі», «Білім беру үдерісінің технологиялылығы», «Педагогикалық жүйе құрылымы», «Педагогикалық технологияның қызметтік құрылымы», «Педагогикалық технология бағасы және концептуалды негіздері», «Білім беру сапасын басқару технологиясы», «Оқыту технологияларын ақпараттық негізде қамту», «ЖОО - нда дәстүрлі емес тәрбие технологияларын пайдалану», «ЖОО - ны педагогикалық үдерісінде салауатты өмір салты технологиясын қалыптастыру», «ЖОО - ны педагогикалық үдерісінде оқудан тыс жұмыс технологиясын ұйымдастыру», «Белсенді оқыту әдістерінің теориялық негіздері», «Инновациялық және іскерлік ойындар». 1 курс докторанттарына қатысты бүгінгі күнге шетелдік ғылыми кеңесшілерімен байланыс орнатылып, келісім шартына отыру мақсатымен келіссөз жүргізілуде. Алдағы уақытта жоспарлы негізде қажетті іс-шара ұйымдастырылады деген үміттеміз. Педагогика және психология кафедрасы 2 курс магистранттары өткен оқу жылы ғылыми тағлымдамадан жоспарға сәйкес өтті, ал 1 курс магистранттарының ғылыми тағлымдамасы бүгінгі күні қаржылай қамтамасыз ету жоспары негізінде академиялық ұтқырлық бөлімінің құзырында.
|