Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы / Жаңалықтар
05.11.2024
Тарихи білім беруді оқытудағы республикалық оқу-әдістемелік семинар 2024 жылдың 30 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарихи білім берудегі оқыту әдістемесінің заманауи зерттеулеріндегі жаңашылдық мәселелері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинар жұмысы ЖОО профессор-оқытушылары мен орта мектеп мұғалімдерінің зерттеу иновациялық қызметтері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында жоспарланып өткізілді.
Іс-шараға қатысқан ЖОО профессор-оқытушылары мен орта мектеп мұғалімдері қазіргі таңдағы заман талабына сай атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, әр тарап өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар барысында Жұмахан Нұрманбетқызы, Бағлан Әбдіғұлова, Жазира Кирбаева, Гүлжан Рашева, Руслан Сейтказиев баяндама жасады.
Шараға республика бойынша қатысқан орта мектептің әдіскер-мұғалімдері Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беретін мектептің тарих мұғалімі Коржумбаев Аманғали, Алматы қаласы тарихшылары Айнаш Азербаева, Раушан Тулеуова, Алия Толебаева, Айнур Өтеулиева өздерінің зерттеулері мен жобалық әдістерін таныстырды.
Республикалық ғылыми - практикалық семинар академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Мұхтар Муратказиннің басшылығымен өткізілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|