Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы / Жаңалықтар
04.11.2021
Алматы: Қала. Тарих. Тағдырлар
2021 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты 1 курс магистранттары мен архив ұжымының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Алматы: Қала. Тарих. Тағдырлар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ш.Т. Нұрман және PhD докторы А.А. Жумабаева және Алматы қаласының мемлекеттік архиві директорының орынбасары А.М. Исалова ұйымдастырды.
Кездесуге Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің директоры А.К. Ботанов, архивтің бас сарапшылары О.Р. Белоносов, Л.В. Данник, Л.К. Рахиповалар қатысты. Кездесу бағдарламасына сай «7М01601- Тарих» мамандығының магистранттары Алматы қаласының тарихы сақталған архив қоймаларымен және мұрағат мұражайларымен танысты. Содан кейін архивтің конференц-залында архив басшылары мен бас сарапшылары және магистранттардың қатысуымен өзара пікір алмасу өтті. Магистранттарды архивтің қоры, қала тарихы жайлы архитектуралық-визуалды және нарративті сирек материалдары, құпия құжаттары қатты қызықтырды. Архив өз тарапынан зерттеу жүргізушілерге барынша қолдау көрсетіп, құжаттарды анықтау, іріктеу барысына кеңестерін беруге дайындықтарын білдірді. Кездесу соңында Алматы қаласының кеңестік кезеңі тарихына қатысты бірлескен жобаны қолға алу туралы ұсыныс жасалды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|