қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
08.04.2021

Тарихшының зертханасындағы айтылған тарих құралдары

 

2021 жылы 7 сәуірде Тарих және құқық институтының академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Светлана Белоус «Тарихшының зертханасындағы айтылған тарих құралдары» тақырыбында ашық онлайн-дәріс өткізді.

 

Кездесу барысында «Айтылған тарих» ғылыми бағытының қалыптастыруы, алгоритмі мен зерттеу әдістері, «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының тәжірибесі, айтылған тарих пен жадыны зерттеудің өзара әрекеттесуі, айтылған тарих технологиясын орта мектеп және жоғары білім үрдісінде қолдану мәселелері талқыланды.

 

Дәріске Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері, магистранттары және докторанттары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай және Павлодар қалаларындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

 

  

 

  




Кері оралу