қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
25.03.2021

Абай университеті және мектеп: сабақтастық, тәжірибе алмасу

 

2021 жылы 25 наурызда ZOOM платформасында Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мырзатаева З.Б. № 173 мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне теориялық және методикалық негізде «Мектепте ғылыми жоба даярлау әдістері мен технологиясы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында мектеп оқушыларына арналған олимпиада, түрлі конкурстарға жоба даярлаудың жаңа технологиялық негіздері талдауға алынды. Автор дәрісті магистратура және бакалавриат білім алушыларына арналған курстарына және «Халық тарих толқынында», «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» мемлекеттік бағдарламалар аясында орындалған зерттеу жұмыстары тәжірибесіне сүйенеді.


ЖОО мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуда мұндай тәжірибелердің алар орны зор.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу