қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.02.2022

Бітіруші курс студенттерін Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысуға дайындау


ҰБТ тапсыруға дайындау барысында бітіруші курс студенттеріне 2022 жылғы 24 қаңтар - 6 ақпан аралығында Педагогика және психология институтының кәсіптік оқыту бөлімінің «Бастауыш білім беру» оқытушылары Лебедева Л.А., Рябова Е.В., Акпаева А.Б., Аренова А.Х. және Сафарғалиева А.И. 5 бағыт бойынша: орыс тілін оқыту әдістемесі, жаратылыстану және дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі, математиканы оқыту әдістемесі, педагогика, көркем оқу әдістемесі бойынша сабақтар өткізді.

 

Жұмыс үшін күндізгі бөлімдегі бітіруші курс студенттері және қашықтан оқыту бөлімінің студенттері үшін Microsoft Teams бағдарламасында команда құрылды. Платформада нормативтік құжаттар, оқу әдебиеттері, тесттік деректер қорына сілтемелер бар. Шолу дәрістері жазбамен өткізілді, сондықтан барлық студенттер қажет болған жағдайда оларды қайта қарауға мүмкіндік алады.

 

Студенттерге ҰБТ тапсырудың мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірме берілді, негізгі мамандық пәндерінің тақырыптары талқыланды, сынақ тесттері жүргізілді, әрі қарай өз бетінше ҰБТ - ға дайындықты жалғастыру ұсынылды.