қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2019

Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өтті

 

2019 жылдың 6 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент күніне орай дөңгелек үстел өткізді. Оған ҚХА төрағасының бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Елбасы баспасөз қызметінің бұрынғы жетекшісі, «НұрМедиа» холдингінің президенті Жанай Омаров, Армяндар қауымдастығының төрағасы Ашот Карапятян, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ҚР ҰҒА академигі Бақтияр Сманов және т.б. елімізге белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Дөңгелек үстел қатысушылары, жоғары оқу өкілдері Тұңғыш Президент күніне байланысты Елбасының ерен еңбегі мен оның мән-мағынасына тоқталып, естеліктер айтты.

 

   




Кері оралу