«Абай-әлем тілдерінде» байқауы
2019 жылғы қараша айының 19-20 күндері ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Alqa Foundation» халықаралық мәдениет қоры және Қазақ ұлттық Аграрлық университетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттері арасында «Абай-әлем тілдерінде» атты мәнерлеп оқу байқауы жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың мақсаты-жастар арасында ұлы Абай шығармаларын насихаттау,жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, шешендік өнерін дамыту және ұлттық санасын жаңғыртуда әдебиеттің орнын нығайтып, оған қызығушылығын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, байқаудың тағы бір ерекшелігі студенттердің әлем тілдерін үйренуіне баса назар аударылды.
Жиынды ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов ашты. Байқаудың іріктеу турында Алматы қаласының 12 жоғары оқу орнынан 21 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарламамен өрнектелген шарада студенттер Абай Құнанбайұлының өлеңдерін қазақ, орыс,ағылшын,неміс,француз,қытай,араб және т.б мәнерлеп оқыды.«Alqa Foundation»халықаралық мәдениет қорының Президенті Алуа Таңжарықова төрелік еткен қазылар алқасы барлық жүлделі орынға үміткерлердің өнерлеріне әділ, шынайы бағасын берді.
Осы аталған шарада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық униерситеті,филология және көптілді білім беру институтының «5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 - курс студенті Бақытжан Нариман Абайдың «Есіңде барма жас күнің» атты өлеңін қазақ -ағылшын тілінде деңгейде оқып, жүлделі 1-орынды иеленді (жетекшісі аға оқытушы Серікбол Сыздықов). Сонымен қатар аталған институттың «5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Маратқызы Айгерім «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?!» атты өлеңді қазақша -ағылшынша мәнерлеп оқып,жүлделі 3-орынды иеленді (жетекшісі ф.ғ.к Гүлмира Есіркепова).
Байқауға белсене қатысқаны үшін «5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1- курс студенті Қосымбаева Ақерке «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін қазақ-түрік тілдерінде мәнеріне келтіріп оқығаны үшін грамотамен марапатталды (жетекшісі Гүлсамал Дюсембина). Білім алушы шәкірттеріміз Абай шығармаларына ынталарының жоғары екенін дәлелдеп, көрермендердің қуанышына бөленді.